Құрметті ата-аналар! Бүгін, 17 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады.

Дуалды оқыту бәсекеге қабілетті мамандардың кепілі ретінде» дөңгелек үстел өткізу туралы ақпарат

2.11.2017

2017 жылдың 26 қазан айында бәскекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша «Болашаққа көзқарас: қоғамдық танымды жаңарту» бағытын жүзеге асыру аясында «Қазақтелеком» АҚ филиалы «Астанателеком» аймақтық телекоммуникация дирекциясының конференц залында «Дуалды оқыту бәскеге қабілетті мамандардың кепілі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК және «Астанателеком» АТД –ның әлеуметтік серкітестіктері болып табылды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына HR директоры П.Летута, «Астанателеком» АТД жетекші мамандары мен әлеуметтік серіктестіктері, Білім басқармасының өкілдері, Астана қаласы бойынша техникалық және кәсіптік ұйымдардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Баяндама оқығандар: телекоммуникация желілерін дамытудың жетекші инженері Нурбахыт Тукушев және Карманов Асылбек Сапаржолович, «Астанателеком» АТД-ның менторы (техникалық оқыту шебері), «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК директоры С.Умирбекова, өндірістік оқыту шебері К.Кенес және т.б.

2016-2019 жылдарда Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша дуалды оқытуды енгізген колледждердің үлесін 2019 жылы 80 % дейін арттыру қарастырылған

Қазіргі уақытта дуалды оқытудың элементтері 18 (53%) колледждің 21 мамандығы бойынша 1048 студент білім алады және 75 әлеуметтік серіктес бар.

Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, оқу орындары және кәсіпорындар арасында бірлесіп жұмыс жасау, жұмысқа орналастыру және кәсіптік тәжірибеден өткізу бойынша 79 келісімшарт және 9 Меморандумға қол қойылды.

Дуалды оқыту бойынша негізгі әлеуметтік серіктестер: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Базис» ҚК, «Қазақстан труба заводы» ЖШС, «Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ, «№1 Автобус паркі» БАҚ, «Тайота-Центр-Астана» ЖШС, «Астана Моторс» ЖШС, «Жолаушыларды тасымалдау орталығы» ЖШС, «Астана – Қамқор» ЖШС, «АСТЭК-АВТО» ЖШС, «САРЫАРКА» Авто-Орталығы ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Казтехимпорт-НС» және «Орынбортехстрой» лифт компаниялары, ірі тігін ательелері, шаштараз салондары, наубайханалар, қонақ үй кешендері, қаладағы мұражайлар, туристік фирмалар.