«Мектепке жол» акциясы жалғасуда!

12.10.2017

Бүгін Астана қаласы бойынша «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен ұйымдастырылған «Мектепке жол» Республикалық акциясының қорытындылары шықты.

2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында жоба аясында 6922 балаға, 75 326 598 теңге сомасына, соның ішінде 4270 балаға, 4 632 6598 теңге демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.

4-19 тамыз аралығында «Білім алғым келеді» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, мектепке қабылданбаған 6 кәмелетке толмаған, мектеп жасындағы балалар анықталды. Бүгінгі таңда бұл балалар мектептерге орналастырылып, білім алуда.

Білім басқармасы тарапынан акция барысында көмек, қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқан және қазіргі таңда осы жұмысты жалғастырып жатқан барлық жандарға алғыс білдіріп, ерекше атап өткіміз келеді. Акциясының белсенді қолдаушылары қатарында Астана қаласының әкімдігі мен басқармалары, «Нұр Отан» партиясы, ҚР ІІД, ҚР ӘМ, ҚР ИДМ, ҚР ММ, ҚР СІМ, Цеснабанк, БанкЦентрКредит, Сбербанк, «Билайн», «Отан» ЖШС, «Рэддисон» мейманханасы, әскери бөлімдер, жеке кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен қонақтары және тағы басқалар.

Атап өтетін маңызды жайт – аталмыш науқан бойынша жұмыс жыл бойы өз жұмысын жалғастыратын болады. Көмек алу үшін, алдымен мектеп басшылығына өтінім қалдыру қажет. Сонымен қатар егер Сіз мектепке бармаған мектеп жасындағы балаларды анықтайтын болсаңыз, Білім басқармасы мамандарына хабарласуыңызды сұраймыз: 55-72-49, 55-74-67 (кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімі).