«Ел болашағы - Білімде!»

29.09.2017

Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елордалық үздік білім беру мекемелерін марапаттады.

Дәстүр бойынша елорда әкімінің гранты келесі номинациялар бойынша табыс етілді: «Үздік мектеп», «Үздік балабақша», «Үздік қосымша білім беру мекемесі», «Үздік колледж», «Үздік арнайы білім беру мекемесі».

Жеңімпаздар тізімі:

  • “Үздік мектеп” номинациясының жеңімпазы - №3 мектеп-гимназиясы;

  • “Үздік балабақша” - №37 “Арман” балабақшасы;

  • “Үздік қосымша білім беру мекемесі” - “Балалар көркемсурет мектебі”;

  • “Үздік колледж” - “Гуманитарлық колледж” МКҚК

  • “Үздік арнайы білім беру мекемесі” - “№1 психологиялық-педагогикалық коррекция іс-бөлмесі”.

 

Мерекелік іс-шара аясында балаларды тәрбиелеуге мен оқытуда жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздар Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» пен «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен марапатталды.

Сонымен қатар Зияткерлік мектептердің тәжірибесін және жаңартылған білім беру мазмұнын зерттеуде, халықаралық білім беру стандарттарын енгізуде ауқымды жұмыс жүргізген 19 алдынғы қатарлы мектептер аталып, сый-ақымен марапатталды.

Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасты. Елордалық ұсытаздарға қазақ эстрадасының жұлдыздары, қалалық оқу орындарының ұстаздары, оқушылардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.