«Отанымның болашағы – Жас ұлан!» кадеттердің қалалық жиналысы

25.09.2017

21-22 қыркүйек күндері елордамызда «Отанымның болашағы – Жас ұлан!» кадеттердің қалалық жиналысы өтті. Іс-шара тәжік-ауған секторында ТМД сыртқы шекарасын қорғау жөніндегі алғашқы бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссияны жүзеге асырған алғашқы бітімгершілік батальонының ашылуына 25 жыл толуына, «Отан Ана» және қаза болған 17 қазақ әскерлерін еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою мақсатымен ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, «Ардагерлер одағы» РҚБ (Тәжік-ауған шекарасындағы әскери операциялар мен әскери қақтығыстарға қатысушылар), Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілдері және қалалық мектептердің кадеттік сыныптарының оқушылары қатысты.

Кадеттердің қалалық жиналысы бірнеше кезеңнен құралды. Атап айтқанда, екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлері мен жергілікті сарбаздарға арнап орнатылған ескерткіштерде ұйымдастырылған құрметті қарауыл және еске алып, гүл шоқтарын қою («Ә.Молдағұлова», «Қызыл армия әскерлері», «Отан Ана», «Ауған соғысының әскерлері», «28 гвардияшы-панфиловшылар», «Б.Момышұлы», «Р.Қошқарбаев»), салтанатты марш және «Кадет бауырластығы» әскери жарысы.

Кадет сыныптарының мақсаты - оқушылардың зияткерлік, мәдени, физикалық және адамгершілік қасиеттерін дамыту, олардың қоғамда өмірге бейімделуі, кәмелеттік жасқа толмағандарды азаматтық және әскери салаларда Отанға қызмет етуге дайындау.

Бүгінгі таңда қаламызда 9 мектеп негізінде кадет сыныптары ашылған. Онда 500-ге жуық оқушы тіркелген. Осы оқу жылында 300-ден астам оқушына қамтитын 10 мектепте кадет сыныптарының ашылуы жоспарлануда.