Таза қала – бақытты қала!

16.09.2017

Астаналық білім беру мекемелерінің ұжымы мен оқушылары және Білім басқармасының қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара елордада Күз және көктем мезгілдеріндегі өтетін дәстүрлі экологиялық айлық аясында өткізіліп отыр.

Шараның мақсаты - бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қалыптастыру. Әнмен ілескен көтеріңкі көңіл-күй және тамаша ауа-райы барлық қатысушыларды сергіте түсті. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, осындай ұйымшылдықтың арқасында бекітілген аймақтар тез мезетте қоқыстан тазарып, жақын маңдағы жерлерді тиісті қалыпқа келтіріліп, аббатандырылды.