ХАЛЫҚАРАЛЫҚ байланысты НЫҒАЙТУ

15.09.2017

2017 жылғы 10 қыркүйекте Халықаралық "EXPO -2017" көрмесінің соңғы күнінде Фин павильонында семинар өткізілді, онда экономикалық даму министрі Мика Линтиля және Қазақстандағы Финляндия елшісі Микко Кивикоскимен көрменің қорытындысы талқыланды. Көрмені өткізгеннен кейінгі экономика, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жүргізілетін жұмыстардың барысы талқыланып, белгіленді.

Семинар аясында Астана қаласы Білім басқармасының "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК атынан директор Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы және Лахти және Хяменің қолданбалы ғылымдар университеті, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті атынан вице-ректоры Хейкки Малинен арасында кәсіби білім беру саласындағы байланыс туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімшартының негізгі мақсаты - жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы оқу орындары арасында серіктестік қарым - қатынас орнату, кадрларды даярлаудағы қарым-қатынас және академиялық ұтқырлық, көлік, логистика, энергетика және байланыс мамандықтары бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шараға Финляндияның премьер-министрінің мемлекеттік хатшысы Паула Лехтомяки,  Isku Russia & CIS бас директоры Наталья Салонен, Ресей және Қазақстан өңірінің Finpro басшысы Кирси-Маарит Полященко, Business Oulu халықаралық қатынастар бөлімінің директоры Мұхтар Манкеев қатысты.