Астанада педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

24.08.2017

23 тамыз күні Тәуелсіздік сарайында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен елордалық педагогика қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді.

Биылғы жылы жаңа форматта өткен кеңес, білім беру саласының дамуына арналған пікір алмасу алаңына айналды. Онда білім беру жүйесінің  өзекті сұрақтарды талқылау, олардың шешу жолдары талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев, Қазақстан Республикасы Парламенті және қалалық мәслихат депутаттары, “Назарбаев университет” және “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымдарының бірінші басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар мен қалалық қауымдастығының мүшелері және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара аясында Астана қаласы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерін құрмет грамоталары мен “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Еңбек сіңірген педагогтарға салтанатты түрде 10 пәтердің кілттері табысталды.

Қаланың қарқынды дамуына және халықаралық білім кеңістігіне кіруіне байланысты Білім беру жүйесінің келешектегі 5 жылға арналған даму жоспары көрсетілді. Жоспарда маңызды бағыттарының бірі - білім беру сапасын арттыру. 

Жаңа бағдарлама аясында Астана қаласының білім беру мекемелері арасында мектепке дейінгі дайындық бағытында жетекші болатын 13 балабақша, жалпы орта білім беру саласында 19 жетекші мектеп және 3 жетекші колледждер тізімі жасалып, осы бағытта белсенді жұмыс атқарылуда.

Сонымен қатар білім беру жүйесінің негізгі басымдылықтары анықталды, атап өтетін болсақ, олар - білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, қолайлы әрі тиімді білім беру ортасын құру, бұлтты технологиялар енгізу мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы ашықтық пен тиімділік көрсеткіштерін арттыру, кадрлық күш-қуатты потенциалды арттыру, білім беру сапасын арттыру, Қамқоршылар Кеңесі жұмысы және оқушылар арасында құрылған өзін-өзі басқару ұйымы арқылы дербестікті дамыту.

Жаңа оқу жылында 145 мыңнанастам оқушы күтілуде. Биыл 1200 орынды қамтитын 2 мемлекеттік және Ұлттық компаниялар тарапынан салынатын 3 балабақша ашылады. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шегінде 1680 орынға 6 жаңа балабақшаның құрылысы басталды. 2020 жылға дейін 200 жекеменшік балабақшаның ашылуы көзделіп отыр.

Балалар санының көптігі мәселесінің шешу жолы ретінде биыл 5 мектепке 2600 орынға арналған қосымша жанамалар салынды. Жаңа 10 мектептің құрылысы басталып, тағы 37 мектеп пен 10 жанама үшін учаскілер даярланды.

Жаңа оқу жылында білім мекемелерінің қажеттіліктеріне (соның ішінде құрылыс жұмыстары) жұмсалатын қаражат көлемі екі есе атып отыр – 246 млн.-нан 500 млн. теңгеге дейін.

Соңғы 9 жылда педагогтар саны 2 есе өсіп отыр. Биылға оқу жылында 14322 адамды құрайтын болады. Дегенмен мұғалімдер тапшылығы – 150 адам. Соның ішінде аса қажет болып отырған орыс тілінде беретін бастауыш сынып мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері.

Арнайы білім беру саласында да өзгерістер бар. Қалалық мектептердің 90% -нда инклюзиялық білім беруге жағдай жасалынған. Екі жыл ішінде арнайы түзету мекемелерінің саны екі есе артты (5-тен 10-ға дейін). Жыл соңына дейін 3 түзету кабинетінің ашылуы жоспарланып отыр. 

Жаңа оқу жылында білім беру мекмелерін қажетті заманауи құрылғымен қаматамасыз етуге көп көңіл бөлінуде. Қалалық 47 мектепте робототехника кабинеттері ашылады. Қалған 37 мектепте 2018 жылдың соңына дейін ашылады. 2018 жылдың соңына дейін мектептер «Смарт мектеп» жобасы аясында WI-FI-мен қамтамасыз етіледі. Үштілді сапалы түрде меңгеру мақсатында 273 млн. тенге көлеміндегі қаражатқа барлық мектептердің кітапханаларына ағылшын тіліндегі көркем әдебиет кітаптары сатып алынды. Политехникалық колледжде Мехатроника лабораториясы ашылып отыр. Жаңа оқу жылында 65 мектепте факультатив және пәндік деңгейде ағылшын тілінде сабақ өтетін болады.

2017-2018 оқу жылында 10 мектеп пен 4 колледж CISCO желілік мектебіне қосылады, сонымен қатар баларды ағылшын тілінде тегін оқыту мақсатында «Global Scholars» жүйесі 7 мектепте орын алатын болады.

Елордалық мектептерде биыл Қамқоршылық кеңестері құрылды. Кеңес құрамына қала әкімі және оның орынбасарлары, қалалық басқарма басшылары, мәжіліс және маслихат депутаттары еніп отыр. Белсенді түрде қалалық ата-аналар қауымдастығының кеңесі жұмыс жасап жатыр.

“Туған жер” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламыздың бизнесмендерімен бірге елордалық демеушілер клубы өз жұмысын бастады. Оның жұмысы екі бағытта болатыны көзделіп отыр. Біріншіден Қамқоршылық кеңес құрамына ену, екіншіден білім мекемелеріне қажетті болатын материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етіп,  қолдау көрсету.

Сонымен қатар қалалық мектеп оқушылары мен колледж студенттер арасындағы белсенділер таңдалып, Елордалық көшбасшылар ұйымы құрылмақ. Өз кезегінде тәрбие жұмысы әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы жүзеге асырылатын болады.

4700 студент «Барлығына жаппай техникалық және кәсіптік беру» жобасы аясында тегін кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 40%-ы жұмыс мамандықтары бойынша. Қалалық колледждердің мыңнан астам студенті дуалды оқытумен қамтылған. 

Жаңа оқу жылында инженерлік және педагогикалық кадрларды даярлау курстары және жоғары сынып оқушыларының кәсіптік білім беру аясында профильдік курстары өз жалғасын табады.

Бүгінгі таңда барлық мекемелер жаңа оқу жылын бастауға дайын. Мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз 2 қыркүйек, коллеждерде сабақ 18 қыркүйек күні басталады. Ал балабақшалар әдеттегі жұмысын жалғастыратын болады.