«Мамандықтар қаласы»

21.08.2017

19 тамыз күні «Арай» паркінде орналасқан «Мамандықтар қаласы» интерактивті қалашығының негізінде қалалық колледждер мамандықтар бойынша әр баланың өз ісінің шебері тәлімгерлерінен шебер-сыныптарын өтуіне мүмкіндік жасады.

Ойын жүзінде ұйымдастырылған жоба аясында балаларға «еңбек» кітапшасы ретінде паспорт берілген болатын. Әр оқытудан соң балалар «жасанды жалақы» алып, кейін оны тәтті тағамдар дүкенінде жұмсай алды. Жалақының көлемі шара барысында тәжірибе өткен мамандықтардың санына байланысты болады.

Жоба аясында бүлдіршіндер түрлі мамандықтармен танысқан болса, олардың ата-аналары балаларының бойында туындаған қабілеттерден хабардар болды.