Астанада 15 жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың IIІ кезеңі (қалалық) өтуде

6.01.2017

         2017 жылдың  5-6 қаңтар аралығында Астана қаласының №6 гимназиясында және №66 мектеп-лицейінде 9-11- сынып оқушылары арасында 15 жалпы білім беретін пән бойынша республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңі  өткізілуде.

Олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 7 қарашасындағы  №638 «2016-2017 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы жүргізу туралы» бұйрығы негізінде ұйымдастырылған.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың  тұтас  жүйесін қалыптастыру, жеке пәндер бойынша ерекше дарындылық танытқан Астана  қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары немесе жеке пәндер  бойынша аса дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу.

Астана қаласы білім беру мекемелерінің  9-11- сынып оқушылары арасындағы олимпиада  жалпы білім беретін 15 пән бойынша өткізілуде:

- №6 гимназия ғимаратында: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі  және  әдебиеті, қазақ  тілінде оқытатын мектептердегі орыс  тілі, тарих, құқықтану негіздерінен, француз тілі,  ағылшын тілі, неміс тілі пәндері;

-   №66 мектеп-лицейі ғимаратында: математика, физика,  химия, биология, география, информатика пәндері.

Республикалық олимпиаданың ІIІ (қалалық) кезеңінде Астана қаласының 71 білім беру мекемелерінен 881 оқушы  (олардың 450-і гуманитарлық, 431-і математикалық бағыт бойынша) бақ сынауда.  Барлық қатысушылар олимпиаданың IІ (аудандық) кезеңде І, ІІ, ІІІ орын алған.

 

Толық ақпаратты «Астана дарыны» өңірлік-ғылыми практикалық орталығынан білуге болады, Тел\фак: 39-80-39, тел: 39-84-49, 8-701-869-57-76 Индира Төлегенқызы. Е-mail: astanadaryn@mail.ru