ҰБТ СӨЗДІГІ

18.08.2016

Апелляция

Апелляция – бұл ҰБТ өткізу процедуралары бұзылған жағдайда немесе емтихан тапсырушының жұмысын бағалау кезіндегі техникалық немесе эксперттік қателерге негізделген ҰБТ нәтижелерімен келіспеушілік туындаған жағдайда ҰБТ - ға қатысушының құқықтарын қорғауға бағытталған процедура. Апелляция туралы өтініш жазбаша түрде Қазақстан Республикасының субъектісінің конфликтілік комиссиясына беріледі. Апелляцияға беру ережелері туралы толығырақ АПЕЛЛЯЦИЯ бөлімінен оқыңыз.

Білім беру гранты

Білім беру гранты - қаржының Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген жағдайларда оқушыға кәсіптік білім беруді төлеу үшін берілетін мақсатты сомасы.

Емтихан материалдары

Емтихан уақытында ҰБТ - ға қатысушыларға берілетін түрлі бақылау өлшеу материалдары (мәтіндер, тапсырмалар және т.б.). Емтихандар немесе БӨМ орта (толық) жалпы білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес құрастырылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу (әрі қарай - ҰБТ) - жалпы орта білім беру мекемелерінде оқушыларды қорытынды аттестациялаудың арнайы орта немесе жоғары білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген бір түрі.

ҰБТ нәтижелері туралы мертификат

ҰБТ - ға қатысқан тұлғаларға берілетін құжат. Сертификатқа емтиханға қатысушы минимал баллдан жоғары балл алған жалпы білім беру пәндері бойынша нәтижелер қойылады.

ҰБТ-ға қатысушы

Мектеп түлегі, бастапқы кәсіптік білім беру (КТУ, кәсіптік лицей және т.б.), орта кәсіптік білім беру (техникум, колледжі және т.б.) мекемелерінің оқушысы, сондай - ақ, мемлекеттік аккредитациясы бар жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелеріне түсуші талапкер. Оқу жетістіктерін сырттан бағалау

Оқу жетістіктерін сырттан бағалау білім беру сапасына білім беру ұйымына тәуелсіз мониторинг жүргізу түрлерінің бірі. Оқу жетістіктерін сырттан бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және оқушылардың негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарымен қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Республикалық конкурстық комиссия

Республикалық конкурстық комиссия - білім беру гранттарын тағайындауға конкурс өткізу бойынша білім беру саласында өкілетті орган құратын комиссия (әрі қарай - Комиссия).

ТЖК

ТЖК - түлектің рұқсат қағазында көрсетілген тест тапсырушының жеке коды.

ТКТ

ТКТ - ақпараттық технологиялар қолдану арқылы бір уақытта бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан түрі;

ТӨП

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункт - ҰБТ өткізілетін арнайы орын. ТӨП БМ - де немесе қажетті талаптарға сәйкес келетін басқа орындарда орналасады. ҚР әрбір аймағында жыл сайын ТӨП орналасу схемасы бкітіледі. ТӨП - нің орналасу схемалары негізгі және қосымша мерзімдерде бір - бірінен ерекшеленуі мүмкін. бір ТӨП - де әдетте емтихан тапсыруға арналған бірнеше аудиториялар орналасады.