Білім беру мекемелерінің оқушылары арасында қалалық олимпиадасы туралы ақпарат

19.08.2016

2015 жылғы 13 қазанда Астана қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен №59 мектеп-лицей базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 7-9 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада өтті.

Шақырылған қонақтар: Білім басқармасының өкілдері, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру орталығының тренері- Сауле Хожамуратова, Астана қаласының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық оралығының аға оқытушысы – Наталья Харькова, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің Кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты- Марал Есекешова. Барлығы: 100 адам қатысты.

Мақсаты: өзін-өзі тану пәні бойынша қалалық олимпиада балалар мен жасөспірімдерге олардың құндылық бағдарын қалыптастыру, шығармашылық әлдеуетін дамыту, өз мүмкіндіктерін шығармашылық іс-әрекетте көрсетуге ынталандыру, тұлғалық қасиеттері мен азаматтық ұстанымдарын көрсету, өзін-өзі кемелдендіруге және өзін-өзі тануға талпындыру.

Олимпиада орыс және қазақ тілінде өткізілді. Әр команда командалық костюмының айыру элементі, командалық презентация және концерттік бағдарлама жалпыадамзаттық құндылықтар туралы өлең, ән немесе би өнерлерімен ерекшеленді.

Қорыта келе, қатысқан 7 командаға Астана қаласының Білім басқармасы атынан алғыс пен дипломдар тапсырылды.

Бірінші дәрежелі дипломға ие болған команда, Республикалық олимпиадаға қатысу үшін, Алматы қаласына жолдама алды.