«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына бос және уақытша бос орындарға орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

16.03.2017

    Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

D-О-4 санаты үшiн: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы. *

 

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы                 

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

 лауазымдық жалақысы

 

 

min

max

D-О-3

97375

114032

D-О-4

64063

86485

 

«Астана қаласы Білім басқармасы» MM (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет №723, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-68-55; 55-68-57; электрондық пошта: bilim.astana.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымы бос және уақытша бос орындарға орналасуға конкурс жариялайды.

 

1. Мониторинг және талдау бөлімінің басшысы «D-0-3» санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, әкімдіктің хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындауға жауапкершілік. Астана қаласы Әкімінің есептік кездесуіне қажетті және ақпараттық статистикалық материалдарды уақтылы ұсыну. Бөлімнің жұмысын басшылық ету және бақылауды жүзеге асыру. Білім беру жүйесінің даму қарқыны және беталысын тиімді көрсететін, уақытылы ақпаратты жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыруына басшылық ету. Басқарманың жылдық жоспарын жасау, оның орындалуын бақылау. Гендерлік тендік және отбасы демографиялық саясатты жүзеге асыру бойынша жинақ ақпаратты ұсыну. Басқарманың ақпараттық, сараптамалық және инновациялық қызметін бақылауды. Басқарманың алқа мәжілісін жүргізуді жүзеге асырады.Білім беру жүйесінің даму жағдайына мониторинг жүргізу және құрылымын дайындау, статистикалық мәліметтерді өңдеу. Аппараттық кеңестің өтуін ұйымдастыру.Астана қаласы Білім жүйесінің мәлімет базасын қалыптастыру. Құжат айналымының уақытылы және сапалы орындау. Астана қаласы Білім беру жүйесінің мемлекеттік талдау статистикалық есебі, өңдеу, құру жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

 

2. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне 2019 жылдың 10 қарашаға дейін) «D-О-4» санаты,           1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Өз құзыреті аясында Министрліктердің, Басқармалардың, сыртқы ұйымдар қызметкерлерімен байланыс жасайды. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзіне жүктелген қызметті орындауға қажетті ақпаратты Басқармаға қарасты ұйымдардан белгіленген тәртіппен сұрайды және толық көлемде алу. Бөлім қызметі саласына жататын мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар жұмысына қатысады. Жалпы білім беретін мектептер желісі, штаттары бойынша сандық көрсеткіштерді қабылдау. Жалпы білім беретін мектептерден міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары есептеулерін, шығыстар сметасын қабылдау және тексеру. Білім басқармасы бойынша бюджетті қаржыландыру жиынтық жоспарын қалыптастыру. Жалпы білім беретін мектептерден бюджеттік өтінім қабылдау, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жинақтау.  Жалпы білім беретін мектептер бойынша тарифтеу мен есептеулер қабылдау және тексеру. Білім басқармасы бойынша жиынтық тарифтеу жасау. Жалпы білім беретін мектептер бойынша  кредиторлық берешектер мен салық туралы мәлімет ұсыну. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Қазынашылық органдарға анықтама жасау. Білім мекемелерінде бюджеттің орындалуын талдау. Жаппай оқу қорын пайдалану. Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша, «Балапан», «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламаларын іске асыру бойынша есеп жасау және ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Астана қаласының Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсыру. Жетекшілік ететін білім ұйымдарын нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау,  бюджеттің орындалуы бойынша желілер мен штаттар туралы есеп жасау. Стратегиялық жоспарға, бюджетті нақтылау (түзету) кезінде республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша келісімге өзгеріс енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, Астана қаласы аймағын дамыту бағдарламасын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 7 қабат, 723 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.