«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

21.09.2017

Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Көктал т.а., 12-87 көшесі, 1 ғимарат) директоры лауазымына - 1 бірлік қызметінің бос орнына ашық конкурс жариялайды (лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 92 201 теңгеден 111 845-ке дейін).

Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.

Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның мүліктері мен құралдарына иелік етеді. Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті есептілікті дауындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы""Қазақстан Республикасындағы тіл туралы""Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы""Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы""Неке және отбасы туралы""Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы""Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы"Заңдарын және әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелері, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дефектология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Әлеуметтік педагогика" мамандығы бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш

  • кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы

  • еркін түрде баяндалған өмірбаян

  • нотариат арқылы куәландырылған жеке куәлігі, білім туралы құжаты және еңбек кітапшасының көшірмелері

  • медициналық тексерістен өту туралы құжат

  • 3х4 көлемдегі екі фотосурет

  • бұрынғы жұмыс орнынан жарияланған жазалары мен ынталандыруы көрсетілген мінездеме

  • сотталмағандығы туралы анықтама.

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми басылымдар және т.б.) тапсыра алады.

Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, Астана қаласы Білім басқармасы, 717-кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 68 56.