«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымға конкурс жариялайды:

29.07.2017

1.Астана қаласы Білім басқармасының «№ 1 өнер мектебі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (мекенжайы: мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Абай даңғылы, 74/1) директоры лауазымына – 1 бірлікқызметінің бос орнына ашық конкурс жариялайды (лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 94 856теңгеден 111 845-ке дейін).

Лауазымдық міндеттері:Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да   нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

            Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және әдістемелік бірлестіктіңқызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге,  денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

            Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді,санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрларлың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.

            Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. 

           Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін,  қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

            Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

            Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығыменбекітілген, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген, Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығынегізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш
  • кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы
  • еркін түрде баяндалған өмірбаян
  • нотариат арқылы куәландырылған жеке куәлігі, білім туралы құжаты және еңбек кітапшасының көшірмелері
  • медициналық тексерістен өту туралы құжат
  • 3х4 көлемдегі екі фотосурет
  • бұрынғы жұмыс орнынан жарияланған жазалары мен ынталандыруы көрсетілген мінездеме
  • сотталмағандығы туралы анықтама.

            Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми басылымдар және т.б.) тапсыра алады. Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Астана қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, Астана қаласы Білім басқармасы, 717-кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 68 56.