Хабарландыру

2018 жылдың 26 маусымында «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 оқу кезеңі кезінде Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушыларының уақытша тұруына арналған жатақхана типінде жайластырылған тұрғын бөлмелерімен үй-жайларға (ғимарат) іріктеу өткізу туралы хабарлайды.

Іріктеу көрсетілген талаптармен сәйкес қатысушыларды таңдау мақсатында өткізіледі. Іріктеу бойынша құжаттама өзіне қосады: оқу кезеңі кезінде Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен оқушыларының уақытша тұруына арналған жатақхана типінде жайластырылған тұрғын бөлмелерімен үй-жайларға (ғимарат) іріктеу өлшемдері тізімі (бұдан әрі – Тізім), Қосымшаға сәйкес.

Іріктеуге қатысуға ұсынылған құжаттарды қарастыру Тізімге сай келетін және сапалы қызметттер ұсынатын қатысушыларды айқындау мақсатында конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.

Іріктеуге қатысу үшін көрсетілген талаптарға жауап беретін, барлық әлеуметті қатысушылар жіберіледі. Іріктеуге қатысу үшін құжаттар, желімделінген конверттерде, әлеуметті қатысушылармен қолма-қол «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ-де келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: ҚР, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 119 каб. Құжаттарды ұсыну мерзімі (өтінімдерді) – 2018 жылдың 9 шілдесінде сағат 13.00 қоса алғанда Астана қ. уақыты бойынша. Іріктеуге қатысуға құжаттармен (өтінімдермен) конверттерді ашу 2018 жылы 9 шілдесінде сағат 15.00 Астана қ. уақыты бойынша, келесі мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 712 каб.

Анықтама: өтінімдерді қарастыру – 10 (он) жұмыс күн; рұқсат беру хаттамасы және қорытынды шығару – 3 (үш) жұмыс күні.