Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру туралы

Астана қаласының Білім басқармасы білімалушыларды тәрбиелеу, оқыту, Жарғылық міндеттемелерді жүзеге асыру саласында кәсіпорынға жәрдем көрсету, білімалушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуы үшін қоғамдық бақылауға көмек көрсету, сондай-ақ, Жарғыға өзгерістерді және /немесе толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды жасау, кәсіпорынды дамытудың басымды бағыттарына ұсыныстар енгізу, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды орналастыру мәселелері бойынша жүйені жетілдіру, білім беру қызметтерінің отандық және халықаралық нарығында кәсіпорынның бәсекеге түсуіне  мүмкіндік беретін, білім саласында және тағы басқа бағыттарда қаржы қаражаттарын бөлуге қатысу, Қазақстан Республикасында және оның сыртында да бәсекеге қабілетті болуға дайын техникалық және кәсіптік білімнің мамандарын оқыту үшін, Астана қаласы Білім басқармасының «Политехникалық колледж» МКҚК Қамқоршылық кеңесті қалыптастыратыны және оның құрамы туралы ұсыныстарды қабылдайтынын  хабарлайды.

Шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқыққорғаушы  органдардың өкілдері, жұмысберушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар, ата-аналар комитеті ұсынғандар, курстардың, топтардың әр қатарынан, осы білім ұйымының білімалушыларынан бір заңды өкіл немесе бір ата-анадан.

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелері және білім ұйымдарында оны сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің №355 Бұйрығымен 2017 жылы 27 шілдеде бекітілген.  (Берілген).
Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2018 жылғы 18 сәуір.  

 

Байланыс телефоны: 55 68 68, 55 68 66
Электронды мекен-жай: i.kaldybekova@astana.kz