«Бояулар әлемі» атты көрменің ашылу салтанаты

7 ақпан күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында бала қиялы мен арман-тілегі ұштасқан шығармашылық «Бояулар әлемі» атты көрменің ашылу салтанаты өткізіледі.

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының 30 жылдық мерейтойы мен Астана қаласының  20 жылдығына  арналған іс-шара аясында М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының «Бейнелеу өнері», «Ағаштан қашау», «Киіз тоқу ғажайыптары», «Қағаз қиялы», «Фантазия» ұсақмоншақтар үйірмелерінің талантты тәрбиеленушілерінің жүрегінен шыққан 120-дан астам туындылары ұсынылады.

Шығармашылық көрменің мақсаты балалардың шығармашылық нәтижелерін көрсетуді,  балалардың өнерге деген  махаббатын, ынтасын одан әрі дамыту және  жасөспірімдердің  эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруды көздейді.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары  «Бояулар әлемі» атты шығармашылық көрмені  ақпан айының  7-сі мен 17-ші жұлдызы аралығында  тамашалап, көре алады.

Байланыс телефоны: 32-49-89, 87071015303

Электрондық поштасы: marzhan.zhanabekova@mail.ru