«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік​ жобасы бойынша жеке әріптес таңдау конкурсын жарияланғаны туралы  хабарлайды

Астана қ. әкімдігі, 010000, ҚР Астана қ., Бейбітшілік көш., 11 мекен-жайында орналасқан «Астана қ. Білім басқармасы» ММ атынан 2 балабақша жобалары бойынша 16.10.2017 ж.  жеке әріптес таңдау конкурсын жарияланған туралы  хабарлайды: 1.  «Астана қ. балабақшалар кешенінің құрылысы және пайдалануы, Е51, Е54, Е77, Е79 жобалық атауларымен көшелер шаршысындағы 240 орынға арналған балабақша»; 2. «Астана қ. балабақшалар кешенінің құрылысы және пайдалануы, №200 және №312 көшелеріндегі ауданда 240 орынға арналған балабақша». МЖӘ жоба объектілері: Астана қ. аумағында орналасқан, жер учаскелері және құрылысқа жататын балабақшалар. Конкурсқа ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 б. көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі. Мына мекен-жай бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Астана қ., Құнаев көшесі 8Б, «Асыл Тас орамы» ТК, «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады, тегін беріледі. Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Астана қ., Бейбітшілік көш., 11 үй, № 718 каб. «Астана қ. Білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады. Біліктілік талаптарына сай жекеше әріптестік әлеуетті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 15.11.2017 ж. Астана қ. уақыты бойынша 13.00-ге дейін. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 15.12.2017 ж. Астана қ. уақыты бойынша 13.00-ге дейін. Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 702 каб. мекен-жайында 15.12.2017 г. Астана қ. уақыты бойынша 15.00-де жүзеге асырылады. Анықтаманы «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС 8 (7172) 578985, +77014883569 телефондары бойынша алуға болады.