Конкурс құжаттары Астана қаласы бойынша жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 

Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана қаласының білім басқармасы» ММ 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 702 жұмыс бөлмесі.

Конкурстық құжат ақысыз ұсынылады

 Жалпы ережелер

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қызмет көрсететін жеткізушіні таңдау мақсатында конкурс жүргізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындарды анықтау.

2017 жылдың 17 сәуір мен 21 сәуірге  дейін, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ жан басына қаржыландырғанда бір балаға 23 000 тг. тұратын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша енгізілген жаңа орындардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың негізгі факторы, қала аудандарындағы тұрғындардың жоғары сұранысы болып табылады.

Конкурсқа қатысуға өтінішті рәсімдеу талаптары және конкурсқа қатысуға өтініш салынған потенциалды жеткізушілердің ұсыныстары.

Конкурсқа қатысуға өтініштер

Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі.Өтініш ерікті нысанда жазылады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астана) білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады:

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) комиссия төрағасының атына Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы  анықтаманыңкөшірмесі;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
      4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі;
      5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидаларға                                      2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.
      11. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
      12. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:
      1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ұйымдастырушыға потенциалды жеткізушінің  конкурсқа қатысуға өтінімі тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы бетіне қол және мөрмен расталады.

Конкурстық өтінімде, жолдар арасында  ешқандай түзетулер болмауы қажет,егерде потанциалды жеткізушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болғанда ғана мүмкін.

Потенциалды жеткізуші конкурсқа қатысу өтінімін конвертке салып, сыртқы жағында потенциалды жеткізушінің толық атауы және мекен-жайы, конкурс ұйымдастырушысының толық атауы және мекен-жайы көрсетіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жазылып, ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың тәртібі

Конкурсқа өтінімді потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе почта байланысының тапсырысын қолдана мына мекен-жайға:

«Астана қаласының білім басқармасы» ММ 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 тел. 556864, 556865  № 718 жұмыс бөлмесі,  2017 жылдың  «17» сәуір мен «21» сәуір сағат  13-00 дейін.

Потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсқа ұсынылған өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушы немесе конкурс  комиссиясының хатшысы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсетіп  журналға тіркейді.

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтару

Потенциалды жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді қабылдаудың мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып  алуға мүмкіндігі бар.

Өзгертулерді енгізу конкурсқа қатысуға берілген өтінім сияқты дайындалып, жапсырылып ұсынылады.

Конкурсқа қатысуды кері қайтарып алу жайлы хабарлама конкурсты ұйымдастырушының атына еркін нұсқадағы өтініш түрінде рәсімделіп, потенциалды жеткізушінің қолы қойылып, мөрі соғылады (бар болған жағдайда).

Конкурсқа қатысуға берілген өтінімге өзгерістер енгізу немесе өтінімді кері қайтарып алу  жайлы өтінім, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың мерзімі аяқталғанға дейін конкурс ұйымдастырушысына жеткен жағдайда ғана жарамды.

Конкурсқа қатысуға берілген өтінімге өзгерістер енгізу немесе өтінімді кері қайтарып алу  жайлы өтінім, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың мерзімі аяқталған кезде конверт ұсынылса мүмкін емес болып табылады.

Конкурс комиссиясының конкурсқа қатысушылардың өтінімдері бар конверттерді ашуы

Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды конкурс комиссиясы өткізеді. 2017 жылдың 17 сәуір сағат 15-00-де                          «Астана қаласының білім басқармасы» ММ басшысы, 010000,  Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 702 жұмыс бөлмесі.

Конкурсты ұйымдастырушының және нақты конкурстық құжаттардың хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген мерзімде және ретімен ұсынылса  ғана потенциалды жеткізушілердің конверттері ашуға жарамды.

Егерде, конкурсқа  тек бір өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысу өтінімі ашылады. 

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға және олардың конкурстық құжаттар талаптарына сәйкес келуін қарастыру және потенциалды жеткізушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беруі

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру конкурс комиссиясымен, конкурсқа қатысуға үміткерлердің ішінен біліктілік талаптарына және конкурс құжаттарына сәйкес келетін потенциалды жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде мойындау мақсатында жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар өтінімдерін қарастыру барысында құқылы:

1) конкурсқа қатысуға үміткерлердің ішінен, потенциалды жеткізушілерден жазбаша түрде олардың өтінімдеріне қатысты мәлімдеме немесе мағлұматтарға сұраныс жасауға;

2) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында, жазбаша түрде, мемлекеттік органдардан,  жеке тұлға мен заңды тұлғалардан  қажет ақпараттарды сұрауға.

Конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінімдерге қатысты конкурстық комиссияның сұраныстары мен өзге әрекеттері конкурстық комиссияға жіберілмейді.  Конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтініштерді қарастыруды конкурсқа қатысуға жеткіліксіз құжаттарды жіберілген өтінімдері, конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдерді алмастыруы, талаптарға сәйкес рәсімделмеген құжаттарды реттеуі деп түсіну қажет.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжат талаптарына жауап беретін ретінде қарастырады, егерде онда ұсынылған өтінімнің маңыздылығына нұқсан келтірмейтін, түзетуге болатын, грамматикалық немесе арифметикалық қателер ғана болса.

Конкурстық комиссия келесі жағдайда потенциалды жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1)потенциалды жеткізуші сәйкестігін растау үшін ұсынылған құжаттарды потенциалды жеткізуші ретінде дұрыс рәсімдемесе немесе ұсынбаса;

2) потенциалды жеткізушінің сәйкестігін растау үшін ұсынылған ақпараттардың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін деректер анықталса, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

3) біліктілік талаптары бойынша күмәнді ақпараттар ұсынылса.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орын саны көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне қосу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатыспай отырыс хаттамасына кіргізіледі.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетілген шешім хаттама түрінде рәсімделеді.

Комиссия мынадай шешімдердің біреуін шығарады:

1) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосу туралы;

2) осы Қағиданың 10-тармағымен сәйкес болмаған жағдайда жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша тізімге қосудан бас тарту туралы.

Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі.

Хаттаманы хатшы рәсімдейді, комиссия төрағасы және хатшы қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *