«Көшбасшы оқушысы» қалалық конкурсының баспасөз хаты

Тұңғыш Президент күнінің мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілуі халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тоғыстырған Елбасына деген ел құрметін айғақтайды.Биыл бұл мереке Қазақстан Республикасы елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.Бүгінде Астана қаласы халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзгеде іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығында бірлік пен тұтастықтың, халқымыздың өз күшіне деген сенімділігін арттыратын ел рәмізіне айналды.

Тұңғыш Президент күнін және Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту шаралары аясында Астана қаласы білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушылары арасында қалалық интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.

Еліміздің жас буындарының бойына ұлттық тәрбиенің бай мұрасын сіңіру, білімге деген ынтасын арттыру, жоғары азаматтық ұстанымды көшбасшылық қасиеттері мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Елордалық білім беру мекемелерінің «Көшбасшы оқушы» конкурсының іріктеу (тестілеу) кезеңі қазан айының 13 күні Астана қаласы Білім басқармасының №3 мектеп-гимназиясында өткізілді. 10-11 сыныптар арасындағы іріктеу кезеңінде тест қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 12 оқушы (№54 МЛ, №81 Г, №52 МГ, №74 МГ, №4 МГ, №70 МЛ, №51 МГ, №38 МЛ, №3 Г, №82 Л, №6 Г, №75 МГ) шешуші кезеңге жолдама алды.

Конкурстың шешуші кезеңі 2018 жылдың 29 қараша күні Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы, 5) өткізіледі.

Конкурс тақырыбы: «Астана – Ұлы дала елордасы».

Конкурс міндеттері:

  • ел табысы мен жетістіктерін құрметтейтін қазақстандық патриот келбетін кеңінен таныту;

  • жастар санасында болашаққа ортақ мақсат пен ұмтылысты нығайту.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы.

Қатысу шарттары:

  • негізгі мектеп пәндері бойынша интеллектуалдық қабілеті;

  • логикалық және психологиялық тапсырмаларды орындауы;

  • ой – өрісінің кеңдігі IQ деңгейінде;

  • қоғамдық өмірге белсенділігі;

  • көшбасшылық қабілеті;

  • шешендік қабілеті жоғары болуы.

Финалдық кезең 3 турдан тұрады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бас жүлде,I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталады,сонымен қатар сыйлықтар тапсырылады.

Қосымша ақпаратты «Астана дарыны» орталығынан алуға болады: Достық көшесі 13, «Нұрсая» ТК, 2 қабат, №225/2 каб., тел. 20-26-83. Индира Төлегенқызы 8-701-869-57-76

Leave a Reply

Your email address will not be published.