«Көптілділік-заманауи білім берудің векторы» тақырыбында халықаралық семинар

23 қаңтар 2019 жылы “Тәуелсіздіктің ұрпақтары” атты жастар жылының ашылуына байланысты, Астана қаласы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясында «Самғау» бағдарламасы аясында, Білім басқармасының өкілі, Астана қаласы Жаңа білім беруді дамыту орталығы мен Астана қаласы мектептерінің шет тілі мұғалімдерінің қатысуымен «Көптілділік-заманауи білім берудің векторы» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Шараға Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ қатысты. №17 мектеп-гимназияның мұғалімдері ағылшын және француз тілдерінде ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Семинардың басты мақсаты – Астана қаласы мектептерінде көптілді білім беру жоспарын жүзеге асыру барысында мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасу. №17 мектеп-гимназия мұғалімдері шет тілі сабақтарын тиімді өткізу әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар барысында гимназия оқушылары ағылшын және француз тілін жоғары деңгейде меңгеретіндерін көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *