Хабарландыру Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру туралы

«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту, Жарғылық міндеттемелерді жүзеге асыру саласында кәсіпорынға жәрдем көрсету, тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуы үшін қоғамдық бақылауға көмек көрсету, сондай-ақ, Жарғыға өзгерістерді немесе толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды жасау, кәсіпорынды дамытудың басымды бағыттарына ұсыныстар енгізу, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды орналастыру мәселелері бойынша жүйені жетілдіру, білім беру қызметтерінің отандық және халықаралық нарығында кәсіпорынның бәсекеге түсуіне мүмкіндік беретін, білім саласында және тағы басқа бағыттарда қаржы қаражаттарын бөлуге қатысу, Қазақстан Республикасында және оның сыртында да бәсекеге қабілетті болуға дайын техникалық және кәсіптік білімнің мамандарын оқыту үшін, келесі мемлекеттік колледждерде Қамқоршылық кеңесті қалыптастыратыны және оның құрамы туралы ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды.

Шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдардың өкілдері, жұмысберушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі.

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелері мен білім ұйымдарында оны сайлау тәртібі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2017 жылы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымшада білім беру мекемелерінің тізімі берілген.
Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2018 жылғы 14 желтоқсан.

Ұсыныстар «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет: 119.

Байланыс телефоны: 55 68 68, 55 68 66
Электронды мекен-жай: i.kaldybekova@astana.kz


Астана қаласының мемлекеттік

техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің тізімі

Колледждің атауы

 

Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледж» МКҚК

 

Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» МКҚК

 

Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» МКҚК

 

Астана қаласы Білім басқармасының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *