ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қараша айының 30 күні Астана қаласы әкімдігінің МКҚК «Оқушылар сарайы» ғимаратында Оқушылар сарайы мен Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бірлесе отырып, Тұңғыш Президент күніне қарсы, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға белгілі тұлға, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмағұлов Сағынбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рысқали Ерлан және қала мектептерінен (№ 53, 44, 29, 50, 32, 70, 74, 72, 56, 55, 84, 73, 5, 65, 54, 60, 62, 41, 15, 69, 61, 48, 76, 20, 42, 45) 70-тен астам үздік оқушылар мен ұланбасылары қатысты. Іс-шара қатысушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы ұлттық мәдениетті іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұраларын насихаттау, жастарға қазақ халқының даналығын, Ұлы даладағы дүние тарихындағы рөлін жеткізу маңызды міндет екенін атап өтті.

Қонақтарға оқушылар тарпынан сұрақтар қойылып, алған жауаптарынан өз бойларына рухани тәлім-тәрбие алды. Оқушылардың өздері де ойларын айтып, пікірталастырды. Бұл тақырып – оқушылар, мектеп ұланбасылары мен оқушылар сарайыоқушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Осы ақпаратты тыңдап болғаннан кейін, оқушылар біздің еліміздің әрбір азаматы білуі керек, мақтан тұтып, қорғауға тиіс бай тарихи мұрасы бар деген қорытындыға келді.

Қатысушылар, ұланбасылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері өз пікірлерімен, тілектерімен бөлісті және патриоттық өлеңдер оқыды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *