Басқарма туралы

«Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында білім беру ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім беру қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, қоғамның білімге және мемлекеттің білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері: өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес Астана қаласы білім беру жүйесінің тиімді қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
білім беру саласындағы мемлекет саясатының қағидаттары негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асыруға байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.