Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

                                     

  1. Балабақшаға жолдама алу

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін сізге:

     1.e.astana.kz ішкі жүйесінің бастапқы бетіне кіріңіз.

     2.Өтініш берушінің ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілті арқылы жеке кабинетке кіру қажет.

    3.Кезекке тұру немесе кезектің ретін көрі үшін e.astana.kz порталының басты бетіндегі мәзірден «Білім беру басқармасы» бөліміне өтіңіз.

     4.Ары қарай «Мектепке дейінгі ұйымдарға мектепке дейінгі жастағы

балаларды (7 жасқа дейінгі) кезекке қою» қызметін таңдап, «Қарау»

батырмасын басыңыз.

     5.Ары қарай «Мектепке дейінгі ұйымдарға «Балабақшаны таңдау» батырмасын басыңыз.

    6.«Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда ғана пайда болады.

Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін:

Балабақшалардағы бос орындарға жолдамалар кезекке сәйкес беріледі. Кезегіңіз келген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді.

  1. «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда, баланың жасы 2-ден жоғары болған жағдайда пайда болады.

  2. Назар аударыңыз, сіздің жастық тобыңыз үшін жолдама беру басталғаннан сәттен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде тізімнен мектепке дейінгі ұйымды таңдау қажет. Кері жағдайда, Сіздің кезегіңіз бұғатталады, бірақ ЖОЙЫЛМАЙДЫ. Ары қарай, жеке кабинетте «Бұғатты ашу» батырмасын басып бұғатты ашуыңызға болады.

Мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаға жолдама алу үшін:

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаны таңдау келесі шарттар сақталған жағдайда ғана қол жетімді: бала мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекте тұрған жағдайда; баланың жасы – 3 жас және одан үлкен; мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаларда бос орындар болған жағдайда.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік балабақшаны таңдаған жағдайда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу кезегіңіз сақталады.

  1. «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орын болған жағдайда және бала 3 жасқа толған кезде ғана көрінеді.

  2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшада бос орындар болған жағдайда, «Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаны таңдау» батырмасы пайда болады. Балабақшаны таңдау үшін көрсетілген батырманы басыңыз. Пайда болған тізімнен қолайлы балабақшаны таңдаңыз.

Шағын орталыққа жолдама алу үшін:

  1. «Мемлекеттік шағын орталықты таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда, баланың жасы 4-тен жоғары болған жағдайда пайда болады.

Ауылдық үлгідегі балабақшаға жолдама алу үшін:

  1. «Ауылдық үлгідегі балабақшаға жолдама алу» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда, баланың жасы 2-ден жоғары болған жағдайда пайда болады.

  2. Ауылдық балабақшаларда бос орын болған жағдайда «Ауылдық

мектепке дейінгі ұйымды таңдау» батырмасы пайда болады. Пайда болған тізімнен қолайлы балабақшаны таңдаңыз

  1. Назар аударыңыз! Ауылдық үлгідегі балабақшаны таңдаған жағдайда кезектен автоматты түрде шығасыз.

Келесі қадам:

  1. Ары қарай тізімнен қажетті балабақшаны таңдаймыз.

  2. Соңғы қадамда «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭСҚ сертификатын жүктеңіз (RSA).

  3. Ары қарай «Шығыс құжаттары» қойындысынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаға қалыптастырылған жолдаманы қарап жүктеуге болады.

  4. Назар аударыңыз, Жолдама берілу күнінен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет.

  5. Қосымша ақпарат: http://e.astana.kz/kk/Home/Instructions