“Астана Дарыны” дарындылық пен психологиялық қолдауды дамыту орталығы

“Астана Дарыны” дарындылық пен психологиялық қолдауды дамыту орталығы Астана қаласының дарынды балаларын қолдау мен дамыту, анықтау жүйесінің мазмұны мен құрылымын жақсартуға бағытталған.

Орталық білім беру ұйымдарының жоғары мен орта сыныптарының, бастауыш сыныптарының, мектепке дейінгі мекемелерінің оқушылары үшін шығармашылық және интеллектуалды жарыстарының, мұғалімдер үшін олимпиадалар мен байқауларының, командалық олимпиадалардың ұйымдастырушысы болып табылады. Байқаулар қалалық, республикалық, халықаралық деңгейлер көлемінде өткізіледі.

Мұғалімдердің қатысуымен өткізілетін байқаулардың мақсаттары: талантты және жоғары кәсіби педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау мен ынталандыру, кәсіби шеберлігін жоғарлату, білім беру мазмұнын жаңарту, білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу мен тарату, тәжірибемен бөлісу мүмкіндігі.

Оқушылар үшін өткізілетін олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың ғылыми білімдерін насихаттау мен ғылыми әрекетіне қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық олипиадаларына қатысу үшін оқушыларды іріктеу мен дайындау, Қазақстан Республикасының білім беру беделін арттыру.

«Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы

010000,  Астана қаласы,

Достық көшесі 13, 2-қабат 225 кабинет

astanadaryn@mail.ru

Байланыс телефоны: 20-26-71, 20-26-83

Факс: 20-25-31

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *