АСТАНА ӘКІМДІГІ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ИНВЕСТОРЛАРДЫ ІЗДЕУДЕ

Астана қаласының әкімдігі әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында Астана қаласындағы білім саласындағы МЖӘ тетігі қолданылатын жобаларды талқылауға (бәсекелі диалог құруға) шақырады:

– жалғастыра салынған жайлардың (немесе жаңа нысандардың) құрылысымен бірге мемлекеттік мектептерді сенімгерлік басқаруға беру;

– білім беру ұйымдарында (мектептер, балабақшаларда) тамақтандыруды ұйымдастыру.

Бәсекелі диалог, әрбір мүдделі әлеуетті жеке әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жобаның техникалық, қаржылай, заң және өзге де қажетті параметрлерін қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

Егжей-тегжейлі ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестиция дамыту орталығынан келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 12, 8 (775) 474 47 77 Асхат Шарипов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *