Астана қаласының білім саласындағы кейбір мемлекеттік білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Астана қаласының білім саласындағы

кейбір мемлекеттік білім беру

ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 37 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай мемлекеттік білім беру ұйымдары:

1) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 15 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 15 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (1-қосымша);

2) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 17 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (2-қосымша);

3) Астана қаласы әкімдігінің «№ 22 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 22 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (3-қосымша);

4) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 37 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 37 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (4-қосымша);

5) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 54 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 54 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (5-қосымша);

6) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 59 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 59 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (6-қосымша);

7) Астана қаласы әкімдігінің «№ 60 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 60 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (7-қосымша);

8) Астана қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 66 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (8-қосымша);

9) Астана қаласы Білім басқармасының «№ 67 гимназия» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 67 гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (9-қосымша);

10) Астана қаласы әкімдігінің «№ 70 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 70 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (10-қосымша);

11) Астана қаласы әкімдігінің «№ 72 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 72 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (11-қосымша);

12) Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 73 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (12-қосымша);

13) Астана қаласы әкімдігінің «№ 74 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 74 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (13-қосымша);

14) Астана қаласы әкімдігінің «№ 75 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 75 мектеп-гимназия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (14-қосымша);

15) Астана қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 76 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (15-қосымша) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Жоғарыда көрсетілген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының (бұдан әрі – Кәсіпорындар) жарғылары осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда бекiтiлсiн.

3. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қосымшаларға сәйкес бекітсін.

4. Кәсіпорындардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаларды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

Әкім Б. Сұлтанов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *