«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНА СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ ӘРІПТЕС ТАНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

Астана қаласы әкімдігі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ атынан «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға беру» жоба бойынша 2018 жылының 29 тамызында жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы туралы қайта хабарлайды.

МЖӘ жоба объектілері:

Объект №1 – мүлік кешені («Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жер тілімі және жер қойнауында орналасқан оқу корпусы мен жатақханасы);

Объект №2 – құрылысқа жоспарланған 1000 орынға арналған жаңа оқу корпусының, соңымен қатар жеке серіктеске тиесілі ғимаратты пайдалануға болады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада  көрсетілген.

Төмендегі көрсетілеген мекен-жайлар бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі 1/2, «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС № 302 кабинете конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.

Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 119 кабинет «Астана қаласының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.

Біліктілік талаптарына сай жекеше әріптестік әлеуетті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2018 жылдың 18 қыркүйегі, Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2018 жылдың 3 қазаныңда, Астана қаласының уақыты бойынша 13.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 119 кабинет мекен-жайында 2018 жылдың 3 қазаныңда Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС
8 (7172) 647207, +77052925719 телефондары телефондары бойынша алуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *