Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы

№17 мектеп-гимназиясында 21.01.2019 күні сағат 12.00-де Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сапиевпен кездесу өтті. Кездесуге 120 оқушы қатысты. Серік Жұмангалиевич оқушыларға салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану туралы әңгімеледі. Өзінің саяси қызметі, спорт мәселесі туралы айтып оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Әңгіме барысында, денсаулық сақтаудың басты шарты –салауатты өмір салтын ұстану екендігін ерекше атап өтті.

Мектеп асханасында болып, балалардың тамақтануы сапалы екенін атап өтті. Осындай кездесулер оқушылардың салауатты өмір салтының маңыздылығын, адамның қоғамдағы орнын табуына ықпал ететінін саналы түрде түсінуіне ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.