«Отбасы – өнеге айнасы» музыкалы бағдарлама

2019 жылдың 9 қыркүйек күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында отбасы күніне арналған «Отбасы өнеге айнасы» атты музыкалы бағдарлама өткізілді.

Аталаған іс-шараның негізгі мақсаты: білім беру ұйымдарындағы өнерлі, қолөнер шеберлері, тігінші, өнегелі, үлгілі отбасыларының өнерлерін паш ету болатын. Мұнда аз қамтылған және көп балалы жанұя отбасыларының аналар қауымы шақырылды. Бұл іс-шарада №10, 40, 80 мектептің үлгілі ата-аналары өз өнерлерін, кәсіби шеберліктерін ортаға салды.

2019 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында отбасы күніне арналған «Отбасы әлемі» атты фотобайқау өткізілген болатын. Байқауға 40-тан астам қатысушылар өз отбасылық фотосуреттерін жолдаған болатын. Аталмыш байқау сарай қызметкерлері арасында өткізілді. Арнайы қазылар мүшелері барлық фотоларды іріктеп, үздігін анықтаған болатын.