«Отбасы әлемі» фотобайқауы

2019 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында отбасы күніне арналған «Отбасы әлемі» атты фотобайқау өткізілген болатын. Байқауға 40-тан астам қатысушылар өз отбасылық фотосуреттерін жолдаған болатын. Аталмыш байқау сарай қызметкерлері арасында өткізілді. Арнайы қазылар мүшелері барлық фотоларды іріктеп, үздігін анықтаған болатын.

Фотожұмыстарға келесі тақырыптар ұсынылған болатын:

  • «Менің сүйікті қалам!»

  • «Біздің жаз»

  • «Батыр отбасы»

  • «Менің әулетім»

Байқау жұмыстары 5-ші қыркүйекке дейін қабылданды. 2019 жылдың 6 қыркүйек күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында байқау нәтижесі бойынша анықталған үздік фотосурет иегерлері марапатталды.

 

Байқау қазыларына келіп түскен 40-тан астам суреттің 17-сі үздік деп танылды. Жеңімпаздар арнайы мақтау грамоталарымен марапатталды. Осы үздік жұмыстар сарайымыздың фойесінде 5-7 қыркүйек аралығында электронды көрме ретінде көрсетілді.