Нұр-Сұлтан қаласының командасы IV Халықаралық мегаполис олимпиадасына қатысты

1-6 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясының астанасында, Мәскеу қаласында IV Халықаралық Мегаполис олимпиадасы өтті. Осы оқу жылында қатысушылардың географиясы едәуір кеңейді, әлемнің 45 ірі қалалары өз командаларын ұсынды. Медалдар үшін күрес өте қызу өтті және көп дайындықты қажет етті. Нұр Сұлтан қаласынан 8 оқушыдан құралған команда қатысты. Әр санатта 2 қатысушыдан болды, олар математика, информатика, физика және химия. Блиц турнирінде біздің команда 2-орынды жеңіп алып, олимпиаданың құрметті кубогына ие болды. Жеке жарыста қатысушылар бір күміс және бес қола медалімен марапатталды.

Дуйсенбеков Данат, Нұр-Сұлтан қаласының “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты (БИЛ) , 11 сынып – математика пәнінен күміс медалі
Раушанов Марлен,Нұр-Сұлтан қаласының “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты (БИЛ) , 10сынып – математика пәнінен қола медалі
Сардар Ернар,Нұр-Сұлтан қаласының “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты (БИЛ), 10сынып – физика пәнінен қола медалі
Таубаев Темирлан, Нурорда, 10 класс – химия пәнінен қола медалі
Токенов Алмас,Нұр-Сұлтан қаласының “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты (БИЛ) , 10сынып – химия пәнінен қола медалі
Аширбек Едиге, Нурорда, 9 сынып – информатика пәнінен қола медалі
Жеңімпаздарды, сондай-ақ олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!