Елорда мектептері бірінші сынып оқушыларының ата-аналары «Мінсіз ата-ана мектебі: Біздің бала бірінші сыныпта» семинар-практикум

 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен білім басқармасының бастамасымен, «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығының мәжіліс залында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі оқу жылының басында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында семинар-практикум өткізді. Іс-шара «Қазақстандық отбасы» мерекесі аясында өтті.

     Елорда мектептері бірінші сынып оқушыларының ата-аналары «Мінсіз ата-ана мектебі: Біздің бала бірінші сыныпта» тақырыбында оқыту элементтері бар семинарға қатысты. «Астана дарыны» орталығының директоры Құрманбаева М. Ж. ата-аналарды келе жатқан мерекелерімен және балалар өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады.

 

«Жанұя» институтын қолдау орталығының үйлестірушісі А. Танирбергенова орталықтың қызметі және жанұяларға жан-жақты тегін көмек, оның ішінде психологиялық кеңес беру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Ата-аналарға Отбасы тәрбиесі институты ұсынған бейнероликтер ұнады, материалдар мен Институттың буклеттері таратылды. Психологиялық қызмет бөлімінің ата-аналарға психологиялық кеңес беру және сенім телефондары ұсынылды.

Іс-шараға қатысқан ата-аналар оң пікірлер қалдырды, олар осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына іс-шараны өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреді және елорданың ата-аналар қауымдастығымен ынтымақтастық одан әрі жалғасын табатындығына сенеді.