Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 17 «Мейрам» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«№ 17 «Мейрам» балабақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 17 «Мейрам» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) құрылсын.

2. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

3. Қоса беріліп отырған Кәсіпорынның Жарғысы бекітілсін.

4. Кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде Кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

Әкім А. Көлгінов