Құрметті ата-аналар! МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!📣

📌Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру жыл сайын 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы).

📌Бұл сізге қалай әсер етуі мүмкін?
🔹Осы уақыт аралығында жүйеге жаңа орындар енгізілмейді және жолдамалар берілмейді. Бейсенбі күннен бастап (2019 жылғы 8 тамыз) жексенбі күннің кешіне дейін (2019 жылғы 11 тамыз) хаттамалар жариялануы уақытша тоқтатылады.

🔹 Қазірдің өзінде жарияланған, бірақ талап етілмеген орындарды мектепке дейінгі ұйымның өзі кезектен алып тастай алады. Әсіресе, жас кезеңі өзгерген жағдайда.

🔴 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кейбір балабақшалар балаларды бір жас тобынан екінші топқа 1 тамыздан бастап ауыстыра бастады, сол кезде балаларды топтан топқа уақтылы көшірмегендіктен біраз бос орындар хаттамаға енгізілді. Осыған байланысты соңғы шыққан хаттамада бос орындар дұрыс жарияланбағанын ескертеміз. Ол орындар кезектен алынатын болады. Сондықтан хаттамаларда сәйкессіздіктер болатынын хабарлаймыз.

🔹Орын алмасу бойынша.
19 тамыздан бастап орындармен алмасу процесін іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы, яғни процедураның өзі туралы алдын-ала хабарлаймыз.

🔹Жаңа орындар бойынша.
Жас ерекшелігіне байланысты топтан топқа ауыстыру процесі аяқталғаннан кейін жаңа орындар жариялау бойынша жұмыс жалғасатын болады.