Құрметті ата-аналар! Төменде маңызды ақпарат ұсынылған!

‼ Соңына дейін оқып шығуды сұраймыз ‼

📍 Біз мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне іріктеу процедурасын осыған дейінгі бекітілген кестеге сәйкес аяқтадық.
*Сондықтан, жүйені әрі қарай жеке өзіңіз қолданған жағдайда келесі кеңестерді есте сақтау қажет*
.
📍 Егер сіз 5 күн ішінде белгілі бір себептердің салдарынан балабақшаға немесе жеңілдік санатын растау үшін Оқушылар сарайына келе алмайтын болсаңыз, жүйеде жолдама мерзімін 30 күнге дейін ұзарта аласыз.
Оны үшін өзіңіздің Жеке кабинетіңізге 5-ші күні кіріп, ЖОЛДАМА УАҚЫТЫН ҰЗАРТУ батырмасын басасыз (бұл батырма жеке кабинетте тек 5-ші күні ғана пайда болады).
*18 шілдеден бастап, кезектен тыс жеңілдікті растау Білім басқармада жүргізілетін болады (Бейбітшілік көшесі ,11, №119 кабинет)*
.
📍 Осы аптада *2017, 2016, 2015, 2014 и 2013 жылдар үшін орындар беріледі, бірақ олар көп емес*.
Бос орындар жөнінде әрдайым хабардар болу үшін Жеке кабинетте Хабарлама бойынша функционалды баптау қажет. Сол кезде сізге қажет балабақшада бос орын пайда болғанда электронды поштаңызға хабарлама келеді. Назар аударыңыз! Хаттар кейбір жағдайда Спам жәшігіне кетіп қалуы мүмкін. Бос орындар тізімі күн сайын хаттамада көрсетіледі.
Еске сала кетейік, барлық жаңа орындар 3 жұмыс күні ішінде басымдылықта орналастырылады, содан кейін олар кезекте тұрған барлық өтініш иелеріне қолжетімді болады. Яғни хабарламалар алдымен басымдыққа ие ата-аналарға келеді (басымдық орындардың саны кезектегі алғашқы болып тұрған адамдардың санына сәйкес, яғни, егер 3 жаңа орын болса, онда хабарландыру кезекте тұрған алғашқы 3 адамға, кейін басымдық біткеннен соң орын қалған болса, кезекте тұрған барлық өтініш иелеріне жіберерілетін болады).

➡️Толығырақ: https://www.instagram.com/p/Bz7WCkxH_sp/?igshid=axkg9xg3qof5
.
📍 Егер сіз бір уақытта жеке кабинетке бірнеше құрылғылардан (мысалы, бір уақытта бір ата-ана телефоннан, бір ата-ана компьютерден) кірсеңіз, онда жүйе автоматты түрде сізді блокқа жіберіп, жүйеден шығарып тастайды. Сондықтан жүйеге қайта кіру керек болады. Сонымен қатар егер сіз бір браузерде отырып жүйені бірнеше терезеден ашсаңыз жүйенің баяу жұмыс жасауына ықпал етесіз. Жүйеге кірген уақытта робот емес екендігіңізді көрсетуді ұмытпаңыз.
.
📍Оқушылар сарайындағы түсіндірме жұмыстары 17 шілде күні аяқталады. Әрі қарай, 18 шілдеден бастап, консультация алу үшін ата-аналар жұмыс күндері кез келген мемлекеттік балабақшаға барып, көмек алуға мүмкіндігі болады.
.
📍 *Балабақшалар арасында орын алмасу барлық мектепке дейінгі мекемелердегі іріктеу біткеннен соң қолжетімді болады. Өйткені бүгінгі таңда заңсыз түрде орын алмасу бойынша хабарламалар келіп түсуде, сақ болуңызды сұраймыз.

📍*Жүйе жыл бойы жұмысын жалғастырады*, сондықтан егер сіз қалаған балабақшада орынның болмауы немесе жасыңыздың келмеуіне байланысты қазір орын ала алмасаңыз, келешекте орын алуға мүмкіндігіңіз бар.

📍 Еске сала кетейік:
-*жекеменшік балабақшалар* 3 жастан бастап қолжетімді (бүгінгі күні 3-ке толған және жыл соңына дейін 3 жасқа толатын балалар үшін қолжетімді).
– *шағын орталықтар* 2014 және 2015 жылдары туған балалар үшін 4 жастан, және 1- қыркүйекке дейін 4 жасқа толған балалар үшін қолжетімді.
– * 2013 жылы туған балалар бойынша* – 1- қыркүйекке дейін 6 жасқа толатын балаларға жолдама берілмейді.