Нұр-Сұлтанда SMART-сыныптар ашылады

Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті скери басқару органдары және Білім басқармасының басшылық құрамы қала мектептерінде SMART-сыныптар ашу мәселесі талқылануда.

Бұл ұсынысты мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтқан болатын.

«Кадрларды әзірлеу және әскери-патриоттық тәрбие беру шараларының аясында болашақ әскери инженерлерді, ІТ-мамандарын, робототехниктерді, жасанды интеллект мамандарын әзірлеу керек. Басқаша айтқанда SMART ұрпақ қалыптастыру керек.

Осыған орай, «Жас сарбаз» қозғаласының базасында, ең әуелі физико-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде SMART-SARBAZ үйірмелерінашуды ұсынамын», – деп ҚР Президенті өз ойын білдірген болатын.

Болжам бойынша, «ақылды» сыныптар жаңа оқу жылында ашыла бастайды.