ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼

Кезектен тыс орын алу жеңілдігіне жататын барлық өтініш иелері үшін маңызды хабарландыру.

‼Егер сіз жүйеде кезектен тыс орын алу құқығын растайтын құжатты заңды талаптарға сәйкес тіркемеген болсаңыз (яғни сіз әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарына кірмейтін құжаттың көшірмесін жүктесеңіз), онда жеке кабинетіңізде МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖЕҢІЛДІКТІ АЛЫП ТАСТАУ ҚАЖЕТ.

‼ Басқа жағдайда сізді келесі сценарий күтетін болады:

❌ Сізге көрсетілген мекен-жайға барып (Ә.Мәмбетов көшесі,1) кезектен тыс орын алу құқығын растауыңыз керек деген СМС-хабарлама келіп түседі.

❌ Содан кейін сіз Білім басқармасының қызметкері құжатты растау үшін Оқушылар сарайына келесіз, өйткені растамаса, сізді балабақшада қабылдамайды. Білім басқармасының қызметкері сіздің жеңілдігіңізді растай алмайды, сол кезде жолдамаңыздың күші жойылып, жалпы кезекке қайтарылатын болады.

‼НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼
Егер сіз заңсыз жолмен алынған жеңілдік санаттың күшін жеке кабинетте өзіңіз жоймасаңыз, оны Білім басқармасының қызметкері құжатты растау уақытында жасайтын болады. Өз кезегінде, егер Білім басқармасының қызметкері сіздің жеңілдігіңізді жүйеде растамаса, мектепке дейінгі мекемеде сіздің жолдамаңыз көрінбейді және 5 күн ішінде сізді балабақшаға тіркей алмайды. 5 күн өткеннен кейін сіздің жолдамаңыз автоматты түрде өз күшін жоятын болады, ал сіз 10 күнге СТОП ТІЗІМГЕ жіберілесіз. Осы уақытта балабақшаларға берілетін бос орындарға жолдама алу мүмкіндігін жоғалтасыз.

❌ Келесіде сіз кезектен тыс орын алу құқығынан айырыласыз, жүйе сізді кезекке қойған күнге сай қарапайым кезекке қайтарады. Содан кейін балабақшаға жолдаманы кезекке сай жалпы негізде ала аласыз.

‼ Жоғарыда аталғанды ескере отырып, құрметті ата-аналар, сіздерге ҮЛКЕН ӨТІНІШ бар. Шынымен де басымдығы бар өтініш иелері үшін орындарды кешіктірмеу мақсатында, жеке кабинетіңіздегі жеңілдікті алып тастау қажет.

КЕЗЕКТЕН ТЫС ОРЫН АЛУ ЖЕҢІЛДІК САНАТЫ КІМГЕ БЕРІЛЕТІНІН ҚАЙТА ЕСКЕ САЛАМЫЗ:

📍 – əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңында айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына (бұдан əрі – Қарулы күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар) əскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;

📍 – арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары (“Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы).

‼ Бұл қалада соңғы уақытта кездесетін құжаттарды бұрмалау фактілеріне байланысты қолданылатын қосымша шара.

‼НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼
Жеңілдікті растау үшін Оқушылар сарайына (Ә.Мәмбетов көшесі, 1) келген уақытта, растау үшін алып келген анықтамаңызда мiндеттi түрде берілген күні, айы және жылы, тиісті органдардың қолтаңбасы және мөрі көрсетілуі қажет.

📍 Егер анықтаманың мерзімі аяқталған болса (ол 10 күнтізбелік күнге ғана жарамды), онда Білім басқармасының қызметкері осы құжатты жаңартуды талап етуге құқылы.

📍 Білім басқармасының қызметкерлері құжатыңызды (жұмыс орнынан берілетін анықтама) растағаннан кейін, оны жүйеде белгілейді. Содан кейін сізге мектепке дейінгі ұйымға құжаттарды тапсыру қажет деген СМС-хабарлама келеді. Ол үшін де сізге 5 жұмыс күні берілетін болады (құжатыңыз расталған сәтінен бастап 5 күн).