ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Балабақшаға балаларды орналастыру бойынша бірінші күннен бастап әртүрлі сұрақтар туындауда. Сондықтан жиі кездесетін сұрақтар бойынша төменде жауаптар ұсынылады
(‼МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ‼)

✔ БІРІНШІ.
Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің балаларын кезекке қою уақытында жүйе тіркеген құжаттарды өздігінен растай алмайды. Бұл органдардың деректер қоры қолжетімді болмағандықтан, ақпараттың жабық болуына байланысты.

‼Сондықтан, осы категория бойынша жеңілдік санаты кімге берілетінін қайта еске саламыз:
📍 – əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшілер “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңында айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарына (бұдан əрі – Қарулы күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар) əскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;

📍 – арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары (“Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы).

📍 Жолдама алған ата-аналардан жұмыс орнынан соңғы 10 күн ішінде берілген анықтаманың болуы талап етіледі. Бұл баланың кезектен тыс орын алу құқығын растау үшін қажет. Білім басқармасының маманы құжатыңызды (жұмыс орнынан берілетін анықтама) растағаннан кейін, оны жүйеде белгілейді. Содан кейін сіз мектепке дейінгі ұйымға құжаттарды тапсыруға бара аласыз.

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

☑ # 1-ші нұсқасы.
Сізге көрсетілген мекен-жайға барып (Ә.Мәмбетов көшесі, 1) кезектен тыс орын алу құқығын растауыңыз керек деген СМС-хабарлама келіп түседі, растау үшін сізге 5 жұмыс күні беріледі.

Білім басқармасының қызметкерлері құжатыңызды (жұмыс орнынан берілетін анықтама) растағаннан кейін, оны жүйеде белгілейді. Содан кейін сізге мектепке дейінгі ұйымға құжаттарды тапсыру қажет деген СМС-хабарлама келеді. Ол үшін де сізге 5 жұмыс күні берілетін болады (құжатыңыз расталған сәтінен бастап 5 күн).

‼НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼ Анықтамада мiндеттi түрде берілген күні, айы және жылы көрсетілуі қажет.

📍 Егер анықтаманың мерзімі аяқталған болса (ол 10 күнтізбелік күнге ғана жарамды), онда Білім басқармасының қызметкері осы құжатты жаңартуды талап етуге құқылы.

☑ # 2-ші нұсқасы.
Егер Білім басқармасының маманы өткізген тексерудің нәтижесінде жеңілдік санатыңыз расталмаса.

Бұл жағдайда, сіздің өтінішіңіз жалпы кезекке қайтарылады. Сіз кезектен тыс орын алу құқығынан айырылып, балабақшаға орынды жалпы негіздегі кезекте алатын боласыз. Таңдалған орын қолжетімді орындар реестріне қайтарылады және өз кезегінде басқа үміткерлерге ұсынылатын болады.

‼ Бұл қалада соңғы уақытта кездесетін құжаттарды бұрмалау фактілеріне байланысты қолданылатын қосымша шара. Қазіргі таңда барлық кезекте тұрған өтініш иелерінің құжаттардың деректерін салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан егер бұрмалау фактілері анықталса, жүйе ол өтініштерді автоматты түрде жалпы кезекке қайтарылатынын ескертеміз.

✔ ЕКІНШІ.
‼ӨТІНІМДІ ЖОЮ батырмасын ешбір жағдайда БАСУҒА БОЛМАЙДЫ‼

Басқан мезетте сізді жүйе бірден кезектен алып тастайды және сіздің кезекке жаңадан тұруыңызға тура келеді. Бұл тек сіз қаладан көшкен немесе балабақшада орын алуға қызығушылық танытпаған жағдайда ғана орынды.

☑ Ал егер сіз балабақшаға алған жолдамаңызды кері қайтарып, басқа балабақшадан орын алғыңыз келсе, келесі қадамдарды орындау қажет:

МЕНІҢ ЖОЛДАМАЛАРЫМ бөліміне кіріп, ЖОЛДАМАНЫҢ КҮШІН ЖОЮ батырмасын басасыз.
Жолдаманы кері қайтарғаннан соң, келесі қадамда басқа мектепке дейінгі мекемеден (балабақшадан) қайтадан жолдама (егер орын болса) ала аласыз.

✔ ҮШІНШІ.
Егер сіз 5 күн ішінде белгілі бір себептердің салдарынан жеңілдік санатын растау үшін келе алмайтын болсаңыз, жүйеде жолдама мерзімін 30 күнге дейін ұзарта аласыз.

‼Оны қалай жасауға болады?

Өзіңіздің жеке кабинетіңізге 5-ші күні кіріп, ЖОЛДАМА УАҚЫТЫН ҰЗАРТУ батырмасын басасыз (бұл батырма жеке кабинетте тек 5-ші күні ғана пайда болады).

✔ ТӨРТІНШІ.
Біздің байқауымыз бойынша, кезектен тыс орын алу құқығы бар өтініш иелері бір жолдаманы алғаннан кейін, кезекке қайта тұрып жаңа жолдамалар алуда. Бұл процедуралар бірнеше рет орын алды.

‼Құрметті ата-аналар‼
Осындай жағдайларды біздің мамандар қадағалап отыратынын ескертеміз. Сонымен қатар әрбір осындай жағдай жеке түрде уәкілетті органдарды тарту арқылы қарастырылатынын хабарлаймыз.

✔ БЕСІНШІ.
Жүйедегі бос орындар тізімі баланың туған жылы мен жеңілдік санаты бойынша бекітілген кестеге сәйкес жариялатынын еске саламыз.
Сондықтан жүйеден сізге басқа уақытта жолдама беруін күтудің ешқандай қажеті жоқ.

✔ АЛТЫНШЫ.
Мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру процесі (балаларды балабақшаға тіркеу үшін жолдама беру) балаңыз толық 2 жасқа толған кезде ғана жүзеге асырылады.

✔ ЖЕТІНШІ.
Мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу жыл бойы өтетін рәсім болып табылады. Сондықтан бүгін үлгермей қалып, келесі топтауды тағы бір жыл күтемін деген уайым болмау керек. Жүйеде бос орындарды бөлу процесі кез келген балабақшада орын босаған уақытқа байланысты тұрақты түрде жаңартылып отырады.