Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

Осы сәрсенбіде, яғни 26 маусым күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында (Ә.Мәмбетов көшесі, 1) сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозиннің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
Кездесу 2 бөлімнен тұратын болады. Біріншісінде елордалық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары бойынша қысқаша баяндама. Екінші бөлігінде азаматтардың жеке қабылдауы өтеді.
Осыған орай, баршаңызды кездесуге келіп, толғандырған мәселелер бойынша сауалдар қойып, елордалық білім беру жүйесін дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз.