Құрметті ата-аналар!

Нұр-Сұлтан қаласында балабақшаларға бос орындарды бөлу жүйесінің қызметі бойынша түсіндірме жұмыстары 25 маусым мен 5 шілде аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін екі Оқушылар сарайлары негізінде жүргізіледі.
‼Жүйедегі бос орындарды бөлу бойынша функциялар 27 маусымнан бастап бекітілген кестеге сай өткізілетінін ескертеміз.
‼27 маусымға дейін балабақшаларға жолдамалар БЕРІЛМЕЙДІ.
‼НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼
Бос орындары бар балабақшалардың тізімі «Ашық деректер» бөлімінің «Бос орындар хаттамасы» бөлігінде бір күн бұрын қолжетімді болады (тек көру үшін ғана).
Мысалы, егер сіздің туған жылыңыз үшін орын бөлі күні 27 маусым болса, бос орындар тізімі 26 маусым күні сағат 18.00-ден кейін жарияланады. Ал «бос орындар» реестрінде олар тек 27 маусым күні сағат 7.00-ден бастап қолжетімді болады.