«Астана» ФК жұлдыздары жас футболшыларға арнап шеберлік сыныбын өткізеді

Бүгін жанкүйерлер сүйікті футболистерінен қолтаңба алып, селфиге түсуіне мүмкіндік алады, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің медиа орталығы.

Астана қаласы прокуратурасының «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды жаңғырту» жобасы бойынша «Астана Арена» стадионында «Астана» ФК негізгі құрамы шеберлік сыныбын өткізеді.

Басқосудан кейін қатысушылар футболшылармен бірге суретке түсіп, (селфи жасап), қолтаңба алуына мүмкіндік туады.

«Балалар мен жасөспірімдермен өткізіліп жатқан бұл кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстан сақтандыру, оларды спорт және дене тәрбиесіне назар аударту», – делінген Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз мәлімдемесінде.

Шеберлік сыныбы күндіз сағат 15:30 басталады. Шараны Астана қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Астана қаласының прокуратурасы ұйымдастырып отыр.

3 thoughts on “«Астана» ФК жұлдыздары жас футболшыларға арнап шеберлік сыныбын өткізеді

  1. I just want to mention I’m very new to blogging and seriously savored your blog site. More than likely I’m likely to bookmark your blog . You amazingly have tremendous articles and reviews. Bless you for revealing your website page.

Leave a Reply

Your email address will not be published.