‼АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА‼

Нұр-Сұлтан қаласының колледждеріне оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды.
2019-2020 оқу жылына жалпы 4705 орын бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) 25 колледжге орналастырылған.
Мамандықтар мен колледждердің тізімі Білім басқармасының сайтында орналасқан – http://bilim.astana.kz/ru/gosudarstvennyj-obrazovatelnyj-zakaz-na-podgotovku-kadrov-s-tehnicheskim-i-professionalnym-poslesrednim-obrazovaniem-na-2019-2020-uchebnyj-god/.
Колледждерге құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Колледжге оқуға түсуші үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет:
– оқуға қабылдау туралы өтініш;
– білімі туралы құжаттың түпнұсқасын;
– №086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (№088-У нысаны бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
– 3х4 көлемдегі 4 сурет.
Құжаттарды колледждің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде немесе электронды түрде 𝗘.𝗔𝗦𝗧𝗔𝗡𝗔.𝗞𝗭 сайты арқылы тапсыруға болады.