Балабақша орындарын бөлу жүйесі осы аптаның соңына дейін қосылуы мүмкін

Балабақша орындарын бөлу жүйесін осы аптаның соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта мамандарымыз біздің жүйеге жасалған шабуылдарды тоқтатты. Бүкіл жүйенің және қызметтердің жұмысына қайтадан талдау жүргізілді, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қосымша шара ретінде жабдық пен байланыс арнасының қуатын арттырамыз. Жұмыстарды аяқтағаннан кейін аптаның соңына дейін жүйені іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл туралы ата-аналарға іске қосардан бір күн бұрын хабарлаймыз.

Қауіпсіздік қызметінің барлық қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз, іске қосылар алдында жаңа кесте жарияланып, түсіндірме жұмыстары да жүргізіледі.