Құрметті ата-аналар!

Балабақшалардағы бос орындарды бөлу жүйесін қайта іске қосу бойынша жұмыстардың жартысынан көбі аяқталды, бұл жұмыс әрі қарай жалғастырылады.

Ертең 11 маусым күні, жүйе жұмысының тиімді жəне ашық түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін, күні бойы тексеру тестілеуі жүргізіледі.

Осы орайда, БҮГІН жəне ЕРТЕҢ жүйе іске қосылмайтынын хабарлаймыз.

Жүйенің қайта іске қосылғаны жайлы, біз сіздерді алдын-ала əкімдік, білім басқармасы сайттары жəне əлеуметтік желілер арқылы хабардар етеміз.