‼АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА‼

𝗘.𝗔𝗦𝗧𝗔𝗡𝗔.𝗞𝗭 сайтында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бос орындарды енгізу тәртібі баланың туылған жылына байланысты жарияланады.

📍 10 маусым күні – 2016 және 2017 жылдары үшін;
📍 14 маусым күні – 2015 жылғы балалар үшін;
📍 19 маусым күні – 2013 және 2014 жылдары үшін бастама алатын болады

‼НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼
Жүйеге балаңыздың туған жылына байланысты күнінде ғана кіруіңіз қажет. Бұл жүйенің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін аса маңызды‼

‼Ата-аналарға арналған түсіндірме жұмыстарын өткізу кестесі‼
Түсіндірме жұмыстары 2019 жылдың 10 маусымында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоса алғанда) екі оқушылар сарайлары негізінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, осы күндері бос орындар ең алдымен кезек бойынша бірінші тұрған ата-аналар үшін және әр жүктеуден кейінгі 4-ші күнде ғана (3 жұмыс күні өткеннен кейін) кезекте тұрған барлық ата-аналар үшін қолжетімді болатынын ескертеміз.

‼ Бос орындарды жариялау күні смс-хабарламаларды жіберу басталады, егер сізге смс келмесе, бірақ кезегіңіз келіп тұрса, жүйеге кіріп тексеру қажет, себебі желіге байланысты хабарламалар уақтылы жеткізілмеуі мүмкін.

‼Қызметтер 𝗘.𝗔𝗦𝗧𝗔𝗡𝗔.𝗞𝗭 сайтында компьютер немесе смартфондағы браузер арқылы қолжетімді‼

https://www.dropbox.com/sh/vlz7b3u4pi4wtt7/AAAayWnZqPnyaFnI4-feRIA_a?dl=0