Елордада балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі өтеді

 

Бұл шара биыл 8000-нан астам мектеп пен колледж оқушылары, музыка және өнер мектептерінің, оқушылар сарайы мен ҚазҰӨУ, Республикалық “Жас Ұлан” мектебінің тәрбиеленушілерін біріктіретін ерекше іс-шара,- деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
2019 жылдың 1 маусымында сағат 10.00 – де еліміздің бас алаңы «Қазақ Елі» Монументі маңында Астананың жас тұрғындары – балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі басталады. Парадтың мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясындағы эстетикалық және патриоттық тәрбиенің факторы ретінде оқушылар мен студенттердің парадтық көше-фестиваль шеруін қолдау және дамыту.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, парадтың басты ерекшелігі -балаларымен бірге колонналарда алғаш рет аудан әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары, «Әкелер кеңесі» ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысатын болады.
Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында символикалық түрде өткізілетін бұл жоба танымалдылыққа ие болып келеді, өйткені бұл күні балалар бейбітшілік пен достықтың, өзара сыйластықтың елшісі ретінде күйге еніп, ал музыка күші елорданың барлық жас тұрғындарын біріктіреді.
Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің ІІІ шеруі жарқын музыкалық мереке болады. Бір әуенде сегіз мың бала Нұр-Сұлтан қаласы туралы жаңа әнді таныстыратын болады. Оқушылар мен олардың ата-аналары, мұғалімдер мен елорда қонақтары алдында бірыңғай маршпен өтеді.
Шеру барысында елорданың әр ауданынан қатысатын балалар музыканың түрлі жанрларын ұсынатын болады. Сонымен, бізді ата-бабаларымыздың тарихынан хабардар ете отырып, Алматы ауданының балалары эстрадалық музыкаларды орындайды, Байқоңыр ауданы – Модерн, даму мен жаңашылдықтың қайнаған энергиясын, Сарыарқа ауданы-фольклорлы музыканы ұсынады, Есіл ауданы-классиканы, сондай-ақ атақты кино мен мультфильмдерден саундректерді ұсынады.