«Индустрия 4.0 жағдайындағы колледж: дәстүрлер мен функциялардың трансформациясы» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫ өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2019 ж. 30 мамыры күні Нұр-Сұлтан қаласы «Политехникалық колледжі» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, колледждің 25 жылдығына арналған «Индустрия 4.0 жағдайындағы колледж: дәстүрлер мен функциялардың трансформациясы» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ өткізеді.

Конференция барысында пленарлық отырыс және «Индустрия 4.0: мәселелер, жаңа мүмкіндіктер»,  «Цифрлық трансформация жағдайында өнеркәсіпті дамыту», «Заманауи экономика мен өнеркәсіпке мамандар даярлау» тақырыптарында 3 панельдік сессия жоспарланған.

Республикалық конференция барысында төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы білім беру міндеттері, колледждің рөлі:  ХХІ ғасырда дәстүрлер мен функциялардың трансформациясы, техникалық сала бойынша заманауи маман дайындаудың ерекшеліктері, кәсіптік білім берудің рөлі талқыланады.

Конференция жұмысына Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары – М.Е. Бектурова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Э.А. Суханбердиева, ҚР қаржы вице-министрі – Р.С. Енсебаев, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы – А.Қ. Жангозин, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер, Қазақстан Республикасы бойынша  Политехникалық колледждер, Нұр-Сұлтан қаласы ТжКББ ұйымдарының директорлары мен оқытушылары, колледж түлектері мен еңбек ардагерлері қатысады.

Конференция жұмысының қорытындысы негізінде төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында білім беру саласындағы өзекті міндеттер бойынша  ұсынымдар әзірленетін болады.

Концерттік бағдарлама және Алғыс хаттармен марапаттау қарастырылған.