«Нұр-Сұлтан – жарқын болашақ мекені» атты техникалық және кәсіптік білім ұйымдары мамандықтарының шеберлер қалашығының ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өткізілетін күні:  2019 жыл  29 мамыр

Өткізілетін уақыты:  сағат 10.00-16.00

Өткізілетін орыны: М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы (Мамбетова,1)

 

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен  2019 жылғы 29 мамырда М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында елорданың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының ұйымдастыруымен  «Нұр-Сұлтан – жарқын болашақ мекені» атты мамандықтың шеберлер қалашығы мастер-класы  өтеді.

Іс-шара колледж студенттерінің сервис және қызмет көрсету, білім, медицина, ақпараттық технологиялар, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мамандықтар бойынша қаланың тұрғындары мен қонақтары, сонымен қатар мектеп түлектеріне тегін қызмет түрлерін ұсыну немесе мамандық таңдау бойынша кеңес беру акциясы түрінде өтеді. Сондай ақ, студенттер қолымен жасалған бұйымдарды сату көрмесі ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығынан, жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері  мастер-классты тамашалауға шақырылды.

Мастер-класс барысында ұсынылатын қызметтердің түрлеріне:

Шаштараз шеберханасы (күнделікті шаш сәні, сәнді шаш, шаш өру түрлері, классикалық шаш алдыру, шаш алдыру, т.б.);

Тігін өндірісі және кйімдерлі үлгілеу бойынша (шалбар қысқарту, замок  салу, тігісін тігу, жеңін қысқарту, манжеттегі  жеңін қысқарту, юбканы қысқарту, көйлекті кішірейту, ветровкаға  замок  тігу, қаптарды ауыстыру, құрақ құрау, киізбен сәндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету және т.б.);

Азық-түлік және аспаздық өнімдер бойынша (кез келген жаңарту немесе жақсарту мақсатында ұйымдастырылған іс шаралар үшін ас мәзірін дайындауда көмек көрсету, кондитерлік өнімдерді даярлауда карамельмен жұмыс жасауды үйрету, экологиялық нан өнімдерін ұсыну, заманауи үстел сервировкасын  дайындауды уйрету және т.б.);

Медициналық қызметтер түрлерін ұсыну (алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері, профилактикалық мақсатта ауыз қуысын тексеру, ортапедиялық стамотология  қызметтері, қан қысымын өлшеу, медициналық кеңес беру және т.б.);

Компьтерлік техника қызметі бойынша  (OS Windows  орнату / қайта орнату, орнату / драйверлерді жаңарту және кеңсе жабдықтарын байланыстыру, қосу/ интернет орнату; Microsoft Office бағдарламаларын орнату, деректерді қалпына келтіру, қатты дискіні тазалау, бөлімін пішімдеу, шаңнан компьютерді тазалау, фотошоп жасау бойынша полиграфиялық қызметтер, техникалық қызмет көрсету, т.б.);

Тұрмыстық техниканы жөндеу (шәйнектер, үтіктер, микротолқынды пеш, шаш кептіргіштер және т.б. жөндеу, су құбырының түйінін құрастыру кезінде су өлшеуішті, кранды, фильтрді орналастыру, үй түрмысында құбырларды дәнекерлеуді үйрету, жарықтандыру барысында балама энергия көздерін пайдалану жолдарын көрсету және т.б.);

Аударма қызметтері (аударма қызметін ұсыну, визиттық картаны орыс тілінен ағылшын тіліне аудару, хат немесе сәлемдемелер жөнелту кезінде латын әріптерімен атыңызды және мекен-жайыңызды жазу, офистік аударымдар қызметтерін ұсыну,ағылшын тілінен орыс тіліне косметика үшін нұсқауларды түсінуге көмек көрсету және т.б.);

Балалар мерекелері, іс-шаралар мен салтанаттар жүргізу бойынша  барлық түрлері (балалар  мерекелерінің сценарийлерін әзірлеу, кәдесыйлар мен сыйлық орауларын дайындау; аниматорлық қызмет түрлерін дайындау, тәрбие мәселесі бойынша  ата-аналарға кеңес беру, балалар мерекесін дайындауға көмек көрсету, ойын және оқу іс-әрекетін ұйымдастыру барысында көмек көрсету);

Музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету (домбыра, баян, қобыз, сырнай, т.б. аспаптарында ноталық іліммен таныстыра отырып, ойнап үйретудің шеберлік сыныптары);

Туризм (туристік жорықтарға дайындық жұмыстары бойынша кеңес беру, туристік палаткаларды, люкзактарды құру немесе жинау,т.б.);

Роботтарды басқаруды үйрету (құтқарушы және барлаушы роботтарын басқаруды үйрету, командалық жұмыстар, т.б.)

Флористика (бақ-саябақ күтімдері бойынша кеңес, гул егудің ерекшелігін түсіндіру бойынша кеңес беру, т.б.).

Аталған мастер-класс елордадағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары туралы жалпы білім беретін ұйымдардың түлектері мен ата-аналар қауымдастығына  қажетті ақпарат, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру, ТжКББ  мамандықтарының  беделін   көтеру,   сонымен қатар, қала азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жоспарланған.

 

 

Қосымша ақпарат үшін

тел. 8778 556 77 42 (Абдрасилова Жаныл)